Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Бюджеттің 5 млрд теңгесі құмға сіңіп жатыр – депутат Ерлан Саиров

Бюджеттің 5 млрд теңгесі құмға сіңіп жатыр – депутат Ерлан Саиров

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров елдегі су жетіспеушілігіне қатысты мәселе көтерді. 

Депутат Су ресурстары министріне қатысты: 

«Сіздің есебіңізде Қазақстандағы су мәселесінің жағдайы өте жақсы. Бірақ өмірде олай емес қой. Қазақстанның қай аймағы болса да, су жетіспеушілігі бар. Мен сізге бір-ақ мысал  келтірейін. Батыс Қазақстан облысындағы Қазталов ауданы суды Ресейден алып отыр. «Қазсушар» жылына 5 млрд теңге беріп, Ресейден су алады. Бірақ сол су келеді де, Жалпақталдан өтіп, әрі қарай құмға сіңіп кетеді. Сонда біз жылына бюджеттің 5 млрд теңгесін құмға сіңгізіп отырмыз. Жалпақталда су қоймасын салу жобасы осыдан он жыл бұрын басталған, әлі аяқталған жоқ. Міне, осы мәселені сіздер қашан шешесіздер? Біз қашанғы бюджеттің ақшасын құмға сіңгізіп отырамыз?», – деп сұрады Ерлан Саиров Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, Батыс Қазақстанда екі су қоймасы салынады. 

«Дұрыс айтасыз, Ресей мемлекетінен біз жыл сайын сол жаққа суды беру үшін келісімшартқа отырамыз, қаражат бөлеміз. Себебі оны шешудің басқа жолы жоқ. Ертең екі су қоймасын саламыз, олардың сыйымдылығы – 50-60 млн текше метр. Ал біз жылына сол жерге Ресейден 350 млн текше метр аламыз. Сондықтан бұл әрі қарай тетігі жалғасын табады деп айтуға болады. Су жерге кеткенімен, ол сол өзіміздің Батыс Қазақстан жеріне кетіп жатыр. Ол бәрібір өзінің жалпы экологиялық әсерін береді. Сондықтан бекер қаражат бөліп жатырмыз деп айта алмаймыз», – деп жауап берді ведомство басшысы.

Ұқсас материалдар