Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Burunday контейнер терминалының ең ірі қоймасы Алматы қаласының қарамағына өтеді

Burunday контейнер терминалының ең ірі қоймасы Алматы қаласының қарамағына өтеді

Қазақстан Қаржы министрлігі Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан Burunday Container Terminal (BCT) уақытша сақтау қоймасын Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаментінің қарамағына беру туралы құжат жобасын жариялады.

Министрлік бұл өзгерістің басты мақсаты – кедендік рәсімдерді оңтайландыру, логистиканы жеңілдету және импорт-экспортпен айналысатын кәсіпкерлердің шығындарын азайту екенін мәлімдеді. Шекаралық рәсімдерге кететін уақыт қысқарып, бизнес өкілдері кеденге байланысты мәселелерін қала аумағында бір жерден шеше алады.

Жалпы аумағы 16,5 гектар болатын Burunday Container Terminal Боралдай теміржол станциясының маңында орналасқан. Терминалдың өзі 50 мың шаршы метр аумақты қамтиды.

Қойманың Алматы қаласының салық және кеден жүйесіне өтуі кәсіпкерлер үшін айтарлықтай жеңілдік әкелмек. Бұдан былай кедендік рәсімдеу үшін облысқа шығудың қажеті жоқ, бұл әсіресе Burunday терминалы арқылы импорт-экспорт жасайтын компаниялар мен логистикалық операторларға тиімді болмақ.

Ұқсас материалдар