Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Былтыр 20 мыңдай адам Қазақстан азаматтығынан бас тартты

Былтыр 20 мыңдай адам  Қазақстан азаматтығынан бас тартты

2025 жылдың алғашқы айында 1 513 адам Қазақстан азаматтығынан бас тартты.

Ал өткен жылы 20 мыңға жуық отандасымыз өзге елдің азаматтығын алған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің жауабында айтылған.

«2025 жылдың қаңтар айында 1 513 адам Қазақстан азаматтығынан бас тартты, оның басым көпшілігі Ресей Федерациясы (1 165), АҚШ (51), Түркия (41), Канада (27) және Ұлыбритания (26) елдеріне қоныс аударған», – деп мәлімдеді ведомстводан.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі өткен жылы ел азаматтығынан бас тартқан адамдардың 85 пайызы Ресейге көшкенін мәлімдеді.  

«2024 жылы 19 888 адам Қазақстан азаматтығынан бас тартты, оның басым көпшілігі Ресей Федерациясы (16 941), Түркия (725), АҚШ (462), Канада (260) және Ұлыбритания (168) елдеріне қоныс аударған», – деп жазылған хабарламада.

Одан бөлек, 2024 жылы 1 адам Қазақстан Респубикасы азаматтығынан шығарылған. 

Заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығы екі жағдайда тоқтатылады: өз еркімен шыққанда және азаматтықтан айырғанда.  

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан адамдар туралы мәліметті ішкі істер органдары он жұмыс күні ішінде Халықты құжаттандырудың деректер базасына енгізеді.

 ҚР азаматтығынан шығу туралы өтініш Президенттің атына жазылады және көші-қон қызметіне тапсырылады. 

Азаматтықтан шығу туралы шешімді Қазақстан Республикасы Президенті қабылдайды. Қарау мерзімі – 6 ай.

Ұқсас материалдар