2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 54,4 мың отбасының 292,7 мың мүшесіне тағайындалып, төлемдердің жалпы көлемі 33,4 млрд теңгені құрады.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
АӘК табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға қаржылай қолдау көрсетуге және еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін жұмыспен қамту шараларына тартуға бағытталған.
Сонымен қатар, табысы аз отбасылардағы 1-6 жас аралығындағы 91,1 мың балаға 4,1 млрд теңге көлемінде қосымша төлем төленді.
Әлеуметтік көмекке өтінішті мансап орталықтары, ауыл әкімдіктері немесе egov.kz порталы арқылы беруге болады.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





