Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Былтыр 36 млрд теңгенің есірткісі тәркіленді

Былтыр 36 млрд теңгенің есірткісі тәркіленді

2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шеңберінде 31 халықаралық және 27 өңірлік жеткізу арнасын жойды.

Мұнымен қоса, 32 жасырын есірткі зертханасының қызметін бейтараптандырды. Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі және психотроптық заттар, 4,5 тонна көкнәр сабаны шикізаты және «синтетика» жасау үшін қолданылатын 18 тонна химиялық реагенттер тәркіленді.

«Қара нарықта» тәркіленген есірткінің құны 36 миллиард теңгеден аса бағаланады. Есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 164 адам сотталды.

Қазақстан арқылы есірткіні әкелу және тасымалдау арналарының жолын кесу бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен 25 халықаралық операция жүзеге асырылды.

Ұқсас материалдар