Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Былтыр Қазақстан 100 ірі инвестициялық келісім бекіткен

Былтыр Қазақстан 100 ірі инвестициялық келісім бекіткен

 Қазақстан 2029 жылға дейін шетелден кемінде 150 млрд доллар инвестиция тарту керек.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанадағы инвестициялық форумда осындай дерек келтірді.

«Қазақстан тікелей шетелдік инвестиция тарту көлемі бойынша әлемдегі үздік 50 елдің қатарына кіреді және Орталық Азияда көшбасшы болып есептеледі. Бұл аймаққа тартылған инвестицияның 60%-дан астамы Қазақстанға тиесілі», – деді Роман Скляр.

 

Бірінші вице-премьер Үкіметтің алдына 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін 450 миллиард долларға дейін, екі есе арттыру міндеті қойылғанын еске салды.

«Біз жаһандық трендтерге бағытталған Инвестициялық саясат тұжырымдамасын қабылдадық. Бұл 2029 жылға дейін кем дегенде 150 миллиард АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Былтыр елімізде жалпы сомасы шамамен 2,5 миллиард доллар болатын маңызды инвестициялық жобаларға арналған 7 келісім жасалды. Сондай-ақ жалпы сомасы 3 трлн теңгеге 107 инвестициялық келісімшарт бекітілді. Жыл басынан бері 2 млрд доллардан астам сомаға 6 келісім мақұлданды», –деді ол.

Ұқсас материалдар