Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Былтыр әуе компанияларына 40 млн теңге айыппұл салынды

Былтыр әуе компанияларына 40 млн теңге айыппұл салынды

Әуе рейсін кешіктірген компаниялар бірқатар айыппұл төледі. Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлім етті.

«Өткен жылы әуе компанияларына 14 айыппұл салынып, жауапқа тартылды. Басты мәселе рейстер кешіккен жағдайда жолаушылардың құқықтарын қорғау. Егер авиакомпаниялар жолаушыларды уақытылы тамақ және қонақүймен қамтамасыз етпейтін фактілер анықталса, жауапқа тартылады. Былтыр авиакомпанияларға жалпы 40 миллион теңге айыппұл салынды», – деді Талғат Ластаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда вице-министр әуе қатынасына қатысты әрбір шағым бойынша тергеу жүргізілетінін айтты.

«Бұл жерде мәселе айыппұлдың мөлшерінде емес қоғамдық резонанста болып отыр. Авиакомпания үшін кез келген айыппұл, оның үстіне бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз ақпарат теріс ықпал етеді. Сондықтан әр жағдайды мұқият қарап, тергеу жүргізіп, жолаушылардың құқығын қорғауды жалғастырамыз», – деп толықтырды министрдің орынбасары.

Ұқсас материалдар