2015 жылдың наурыз айында зейнетақы жиындарының жалпы соммасы 4,7 трлн теңгеден асып түсті деп хабарлайды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) баспасөз қызметі.
"Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша шарттардың барлық түрлері ойынша БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны - 9 986 467 бірлік. Зейнетақы жиындарының жалпы соммасы 4,7 трлн теңгеден асты. БЖЗҚ-ның 2015 жылдың бірінші тоқсанында тапқан және салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-ы арасында таратылған инвестициялық табыс 58,25 млрд теңгені қамтыды", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұған қоса, БЖЗҚ хабарлауынша, 2015 жылдың қаңтар-наурызындағы зейнетақы төлемдерінің сомасы 42,43 млрд теңге болды, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылған сома - 3,39 трлн теңге.
БЖЗҚ аймақтық желісі 240 қызмет көрсету кеңселерінен тұрады. Қордың аймақтық құрылымына 18 филиал кіреді - әр облыс орталығында, республикалық маңызға ие қалаларда (Алматы және Астана), және облысқа бағынышты ірі қалаларда (Жезқазған және Семей) бір-бірден. Филиалдар жанында 23 бөлімше және 199 жеке қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.
Ақпарат көзі: kapital.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024