Алматы. 31 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың алғашқы 7 айында БЖЗҚ-ның инвестициялық табысы 316 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
2017 жылдың қаңтар-шілдесінде БЖЗҚ-ның инвестициялық табысы 316 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен қарағанда 24 пайызға көп. Салым портфелінің құрылымында ҚР Ұлттық банкі мен ЕДБ-дің үлесі артты. Ал мемлекеттік құнды қағаздар мен корпоративті облигацияларға салынған салым мөлшері қысқарып келеді.
2017 жылдың маусымының соңында БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағының жалпы көлемі 7 трлн теңгені, ал шілденің соңында 7,3 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері жинақ 8,8 пайызға (588,0 млрд теңге) өсті. Орташа айлық өсім 84 млрд теңгені (1,2%) көрсетті.
2017 жылдың шілдесінде міндетті жарналар көлемі 56,7 млрд теңге болды. Бұл 2016 шілдесімен салыстырғанда 2,4 есе көп. Осы жылдың қаңтар-шілдесінде міндетті салымдардың жалпы көлемі 403,5 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 76,3 пайызға артық. Ең жоғары өсім маусымда байқалды (61,3 млрд теңге).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024