Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

БЖЗҚ 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегін жаңартты

БЖЗҚ 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегін жаңартты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін жариялады.

Қор мәліметінше, ТЖШ мөлшері келесі жылға орта есеппен 10%-ға өседі. Жеткіліктілік шегі ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, күнкөріс деңгейі, инфляция және инвестициялық кірістілік сияқты әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер негізінде есептеледі. 2026 жылға арналған негізгі параметрлер:

  • ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;

  • ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;

  • күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

ТЖШ – салымшыны ең төменгі мөлшерден кем емес айлық зейнетақымен қамтамасыз етуге қажетті жинақ сомасы. Қордың айтуынша, көрсеткіштің өсуі инфляция болжамымен сәйкес келеді.

Ұқсас материалдар