
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Сайланбаев ChatGPT-дің көмегіне жүгінген кезде деректерді ұрлатып алмау үшін қандай сақтық шараларын қолдану керектігін айтты.
«Мысалы сіз WhatsApp қолданасыз ғой. WhatsApp-та да сұрақ қоясыз, деректер алмасасыз. ChatGPT де тура сондай – серверлері шетелде орналасқан. Деректердің басқа жерге кетіп қалу мүмкіндігі бар, – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Дегенмен, ол ChatGPT-де деректердің қауіпсіздігіне арналған арнайы функция бар еске салды.
«Егер «Баптау» бөліміне кіріп қарасаңыз, «Менің деректерімді қолданба» деген батырма бар. Соны бассаңыз деректеріңізді өз модельдерінде қолданбайды. Осы функцияны пайдаланып, тексеріп көрсеңіз болады», – деді Әлібек Сайланбаев.