Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

City Transportation Systems-тің пайдасына 1,5 млрд теңгенің мүлкі қайтарылды

City Transportation Systems-тің пайдасына 1,5 млрд теңгенің мүлкі қайтарылды

Астана қаласының прокуратурасы мемлекет пайдасына берешектерді өндіру туралы сот актілерінің заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған қадағалау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

Нәтижесінде мемлекетке қомақты берешек қаражатты қайтаруға қол жеткізді.  «City Transportation Systems» ЖШС мемлекеттік кәсіпорнының пайдасына борышкерлерге тиесілі 1,5 млрд теңге сомасындағы 76 жылжымайтын мүлік нысаны берілді.

Басқа бір жағдайда прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде жеке компаниялардың бірі елордалық мектептің пайдасына 17 млн теңге көлеміндегі берешегін өтеді.

Прокуратураның кешенді шараларының арқасында ағымдағы жылы жалпы 2,9 млрд теңгеге мемлекеттің активтері толықтырылды, делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Ұқсас материалдар