Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Деректер қауіпсіздігі: Қазақстанда көп факторлы аутентификация міндеттелді

Деректер қауіпсіздігі: Қазақстанда көп факторлы аутентификация міндеттелді

2025 жылғы 22 желтоқсаннан бастап Қазақстанда дербес деректерді қорғау талаптары күшейтілді.

Енді 100 мыңнан астам жазбасы бар деректер базасының иелері мен операторлары биометриялық сәйкестендіруді қамтитын көп факторлы аутентификацияны қолдануға міндетті.

Жасанды интеллект вице-министрі Досжан Мұсалиевтің айтуынша, өзгерістер рұқсатсыз кіру қаупін, соның ішінде бөтен логин мен парольді пайдалану әрекеттерін азайтуға бағытталған.

Жаңа талаптар жеке, отбасылық, салықтық, банктік, коммерциялық және медициналық деректерді қамтитын заңмен қорғалатын мәліметтерге қатысты қолданылады. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті бұл шаралар деректердің сенімді қорғалуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекеттік және маңызды цифрлық жүйелерді тексеру тәртібі де жаңартылды: барлық ақпараттандыру нысандары енді үш жыл сайын киберқауіпсіздік сынақтарынан өтуі тиіс.

Ұқсас материалдар