Қазақстанда деректерді қорғау және цифрлық қауіпсіздікті күшейту мақсатында жаңа ұлттық стандарттар енгізілді.
ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті 2025 жылы бекіткен төрт құжат мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен елдің цифрлық инфрақұрылымын қорғауға бағытталған.
Жаңа стандарттардың екеуі ақпаратты құпия сақтау және рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау үшін отандық шифрлау құралдарын қолдану тәртібін айқындайды. Қалған екеуі мемлекеттік және құпия деректермен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін тексерудің бірыңғай ережелерін белгілейді.
Осы арқылы Қазақстан цифрлық тұрақтылықты арттырады, маңызды деректерді қорғайды және технологиялық тәуелсіздікке қадам жасайды.





