Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Əділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті

«Əділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті
Бүгін Əділет министрлігі «Əділет» саяси партиясын мемлекеттік тіркеуден өткізді, деп хабарлады партиядан. 
«Партия түрлі салалардағы кəсіби қауымдастық өкілдерін біріктіреді. Оның қатарында еңбек адамдары, мұнай сервистік жəне тау-кен металлургиясы салаларының қызметкерлері, шахтерлер, спортшылар, педагогтер, дəрігерлер, ғалымдар, кəсіпкерлер, IT-мамандары, заңгерлер жəне креативті индустриялардың өкілдері бар. Партия бағдарламасының негізінде əділеттілік, жауапкершілік, заңдылық, теңдік, отансүйгіштік жəне прогресс қағидаттары жатыр. Негізгі басымдықтар ретінде заң үстемдігі мен құқықтық тəртіпті нығайту, тиімді институттарды дамыту, өңірлерді қолдау, цифрландыруды ілгерілету, адами капиталды дамыту жəне бəсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру айқындалған», - делінген партия таратқан ақпаратта. 

Сондай-ақ, «Əділет» партиясы өз қызметін кəсібилікке, қоғамдық диалогқа жəне жауапты азаматтық ұстанымға сүйене отырып, əділетті, заманауи əрі бəсекеге қабілетті Қазақстанды дамытуға қосылатын үлес деп қарастыратыны туралы айтылған.

Алдағы уақытта партия ұйымдық құрылымын одан əрі қалыптастыру жұмыстарын жалғастырып, өңірлердегі қызметін қалыптастырмақ. 

Сондай-ақ, тіркеуден кейін жаңа саяси ұйымның басшысы Айбек Дəдебай қазақстандықтарға бейнеүндеу жолдады.
 «Бүгін «Əділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл – еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтыңбастамасымен жүзеге асырылған саяси реформалардың нəтижесінде еліміздің саяси жүйесі ашық əрі бəсекеге қабілетті бола түсті. Азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысу мүмкіндігі кеңейіп, азаматтыққоғамның рөлі күшейді. «Əділет» партиясының мемлекеттік тіркеуден өтуі – осы оң өзгерістердің нақты көрінісі. Бүгінде партиямыздың қатарына еңбек адамдары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, кəсіпкерлер мен жалынды жастар қосылды. Партияның құрылуын қолдап, сенім білдірген барлық азаматтарға шынайыалғысымызды айтамыз. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында жаңа саяси күш шындыққа айналды», - деді Айбек Дәдебай. 

Ұқсас материалдар