Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Дін және цифрландыру: Қазақстанда «Imam AI» іске қосылады

Дін және цифрландыру: Қазақстанда «Imam AI» іске қосылады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллектке негізделген «Imam AI» мобильді қосымшасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.

Қосымша сенімді дереккөздерге сүйене отырып, күнделікті өмірде туындайтын діни сұрақтарға жедел әрі нақты жауап беруге арналған. Жобаның басты мақсаты – халықтың діни сауаттылығын арттыру және дін қызметкерлерінің жүктемесін азайту.

Бас мүфтидің айтуынша, жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни салада жүйелі енгізу уақыт талабына сай қадам болып отыр.

«Imam AI» қосымшасы баршаға қолжетімді болады деп жоспарлануда.

Ұқсас материалдар