Ұлттық банктің 11 қарашаға арналған ресми бағамы – 1 долларға 491,71 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,05 теңге. Еуро – 529,97.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 492,73 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 494,55 теңге. Еуро 528,65-532,83 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 491 теңге, сатып алу құны – 496 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95-5,07 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 8 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,36 теңгеге төмендеп, 491,74 теңге болған.