Алматы облысында дропперлік үшін алғаш рет қылмыстық іс тіркелді.
Прокуратураның мәліметінше, жаңа енгізілген ҚК-нің 232-1-бабы бойынша тергеу Еңбекшіқазақ ауданының тұрғынына қатысты жүргізіліп жатыр.
Әйел OLX-тегі жалған хабарландыруға сеніп, «онлайн-төлемдер операторы» ретінде жұмыс істеймін деп өз банк картасын алаяқтардың қолдануына берген. Қыркүйектен бері оның шотына 2 млн теңгеден астам қаражат түскен, ол соның 5 пайызын «комиссия» ретінде алып, қалғанын алаяқтарға аударып отырған.
Прокуратура дропперлік – алаяқтардың жиі қолданатын әдісі екенін атап өтті. Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, мұндай әрекет үшін дропперлер де, ұйымдастырушылар да 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Норма 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап күшіне енді.
Қазір аудандық полиция тергеу жүргізіп жатыр. Тұрғындарға банк карталарын, ПИН-кодтарын және онлайн-банкинг деректерін ешкімге бермеу ескертілді.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
7,9 млрд теңге жымқыру ісі: құрылыс компаниясының қызметкерлері ұсталды
- 01 желтоқсан, 2025





