Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

eGov mobile уақыт белдеуіне қатысты сауалнама жариялады

eGov mobile уақыт белдеуіне қатысты сауалнама жариялады

eGov mobile қосымшасында уақыт белдеуіне байланысты сауалнама пайда болды.

Сауалнама «Хронометрика: күнделікті уақытты ұтымды пайдалану» деген атауға ие. Онда жалпы бес сұрақ бар.

 «Бір күндік жоспарыңызда сізге уақыт көп жағдайда не нәрсеге жетпей қалады?»;

 «Тәулік ішінде қай уақыт сіз үшін ең қолайлы?»;

 «Қаламызда кафелер мен фитнес орталықтарын ертерек ашу идеясына қалай қарайсыз?»;

 «Қазіргі қолданыстағы уақыт өлшеміне қатысты ойыңыз қандай?»;

 «Сізге қай уақыт белдеуі ыңғайлы?» сияқты сұрақтар қойылады. 

Айта кету керек, осыған дейін Олжас Бектенов уақыт белдеуі қайта ауыспайтынын айтқан. Сондай-ақ, Бірыңғай уақыт белдеуінің әсерін зерттеуге 160 млн теңге көзделген-ді.

Ұқсас материалдар