
Қазақстандағы кәріз тазарту құрылғыларының дені 1950-1960 жылдары салынған. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты.
Биыл осы бағытта жаңарту жүргізу үшін республикалық бюджеттен 25 миллиард теңге бөлінді.
«Министрлік су бұру жүйелерін, оның ішінде кәріз тазарту құрылғыларын жаңғырту бойынша да жұмыстар жүргізіп жатыр. Көптеген кәріз тазарту құрылғылары 1950-1960 жылдары салынып, қазірде орташа тозу деңгейі 65%-ға жеткен. Биыл осы бағытта жаңарту жүргізу үшін республикалық бюджеттен 25 миллиард теңге бөлінді. Соның ішінде Қызылорда қаласының кәріз тазарту құрылғысына – 720 миллион теңге, Ленгер қаласына – 1 миллирад теңге қарастырылды», – деді министр Үкімет отырысында.
Ерсайын Нағаспаев Ақтау, Атырау, Қарқаралы және Қаражал қалаларында осы бағытта 4 жоба іске асырылып жатқанын айтты.
Айта кету керек, бұған дейін елдегі 10 облыс ауы