Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Елімізде 6 жыл ішінде 4,4 мың шақырым жол қайта жаңартылды

Елімізде 6 жыл ішінде 4,4 мың шақырым жол қайта жаңартылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша былтыр 86 мың шақырым инженерлік желіні жаңғыртуды, сондай-ақ жаңа қуат көздерін іске қосуды көздейтін Ұлттық жоба іске асырыла бастады. 

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұл технологиялық апаттар санын 20%-ға қысқартуға, еліміздегі энергетикалық және коммуналдық секторлардың тозу деңгейін орта есеппен 40%-ға азайтуға, генерацияны 7 ГВт-тан астам арттыруға мүмкіндік береді. Бұл бағытта отандық өндірістің қуатын барынша тартуға маңыз берілетінін айта кетеу керек. ТКШ саласы үшін өнім шығаратын кәсіпорындардың әлеуетін толық пайдалану жоспарланып отыр. Қазақстандық компаниялардың жоспарланған өнім көлемі шамамен 3,5 триллион теңгені құрайды.

2019 жылдан бері электр энергиясын тұтыну 14%-ға өсіп, шамамен 120 миллиард кВт/сағ құрады. Халық санының өсуін, сондай-ақ жүргізіліп жатқан индустриялық даму және цифрландыру саясатын ескере отырып, энергия тұтыну одан әрі арта түседі деп болжанып отыр. Осыған орай Президент тапсырмасы бойынша ядролық энергетиканы дамыту қолға алынды. Бірінші АЭС құрылысының ауданы анықталды. Тағы екі станция салу үшін құрылыс орындарын анықтау жұмыстары басталды.

Сондай-ақ құрылыс индустриясы да рекордтық өсу қарқынын көрсетіп отыр. 2024 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 6,4 миллион шаршы метрге немесе 51,4%-ға артып, 19 миллион шаршы метрге жетті. 2019–2024 жылдар аралығында барлығы 97,8 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл қазақстандық ондаған мың отбасыға жылжымайтын мүлік сатып алуға және тұрмыс деңгейін жақсартуға ықпал етті.

Сонымен қатар жолдардың құрылысы мен оларды жөндеу жұмыстары Президенттің тұрақты бақылауында. Соңғы алты жылда республикалық маңызы бар 4,4 мың шақырым автожолдарды, оның ішінде Орталық – Шығыс, Орталық – Оңтүстік, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Атырау – Астрахан және басқа да күре жолдарды реконструкциялау аяқталды. 

2024 жылы 12 мың шақырым көлік магистралі құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды, оның 8 мың шақырымы – республикалық, ал қалған 4 мың шақырымы жергілікті жолдарға тиесілі. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Сондай-ақ кейінгі алты жылда 250-ге жуық жол бойындағы сервистік жаңа нысандар салынды. Жол бойында ұлттық стандартқа сай келетін қызмет көрсету нысандарының үлесі 52%-дан 90%-ға дейін ұлғайтылды.

Теміржол көлігі арқылы жүк тасымалдау көлемінің өсуімен қатар жолдарды жөндеу жұмыстарына деген қажеттілік те арта түсуде. Жыл сайынғы күрделі жөндеу көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 41%-ға өсті. Алты жыл ішінде барлығы 3 мың шақырым теміржолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Биыл Достық – Мойынты теміржол учаскесінің екінші желісінің құрылысы аяқталады, бұл өткізу қабілетін 12 жұп пойыздан 60 жұп пойызға дейін арттырады. Сондай-ақ Алматы бекетін айналып өтетін теміржол желісі де Алматы торабының жүктемесін 40%-ға жеңілдетеді. Аталған жобаларды іске асыру Еуропа мен Қытай арасындағы жүк айналымын, сондай-ақ еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

2019 жылдан бері теңіз көлігі арқылы тасымалдау көлемі 20%-ға өсті. Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша айтарлықтай өсім қалыптасып отыр. Көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебінен ТХКБ арқылы транзиттік тасымал көлемі 2019 жылдан бері алты есеге (2024 жылы – 4,5 миллион тонна), қазақстандық өнім экспорты 12 есеге өсті. 

Мемлекет басшысы жариялаған Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз жаңа тас жолы аталған бағытқа тың серпін бермек.

Ұқсас материалдар