Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Елімізде автокөлік иелеріне арналған жаңа цифрлық қызмет іске қосылды

Елімізде автокөлік иелеріне арналған жаңа цифрлық қызмет іске қосылды
 Елімізде көлік құралдарының иелеріне хабарлама жіберу үшін жаңа цифрлық қызмет іске қосылды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.  

Бұл туралы Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев хабарлады. Оны енгізу жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

«Егер сіз терезесі ашық қалған немесе өтуге кедергі келтіріп тұрған көлікті байқасаңыз, мемлекеттік нөмірді теріп, қажетті тетікті таңдасаңыз жеткілікті. Көлік иесіне анонимді хабарлама жіберіледі. Бұл сервис өзара көмектесудің әрі азаматтық жауапкершіліктің құралына айналады деп сенеміз», - деп атап өтті Жаслан Мәдиев.

Ұқсас материалдар