Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Елімізде газ өндіру көлемі артты

Елімізде газ өндіру көлемі артты

2024 жылдың тоғыз айында ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 2,8%-ға ұлғайып, 7 202 млн м³ жетті (2023 жылы 7 008 млн м³ өндірілді) деп мәлімдеді Қазмұнайгаз компаниясы.

Көрсеткіштің өсуіне ресурстарды тиімді басқару және компанияның технологиялық процестерінің дамуы оң әсер етті, – деді ведомство.

Газ өндіру деңгейі «Өзенмұнайгаз» және «Маңғыстаумұнайгаз» компанияларында артты. Өсім негізінен өткен жылдың соңында Рожков кен орнының өндірістік игерілуінің басталуымен, сонымен бірге Шығыс Өріктау кен орнында жаңа ұңғымалардың пайдалануға берілуімен байланысты.

Ұқсас материалдар