Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Елімізде ІТ-саланың табысы 2 трлн теңгеге жуықтады

Елімізде ІТ-саланың табысы 2 трлн теңгеге жуықтады

2025 жылы Қазақстанның ІТ-қызметтер экспорты 1 млрд долларға жетті.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы жылдары елдегі ІТ-нарық қарқынды өсіп келеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша сала кірісі 2 трлн теңгеге жуықтаған. Мемлекет басшысы бұл көрсеткішті 2026 жылы 1 млрд долларлық экспорт деңгейіне жеткізу міндетін қойған.

Жаслан Мәдиевтің сөзінше, ІТ-сала – ең жоғары жалақы төленетін бағыттардың бірі. Ресми деректерге сәйкес, ІТ-мамандарының жалақысы елдегі орташа деңгейден екі есеге жоғары.

Сонымен қатар Astana Hub еліміздегі ІТ-экожүйенің негізгі орталығы ретінде дамып келеді. Қазір хаб резиденттерінің саны 2 мыңға жуықтап, оның 25 пайызы шетелдік компаниялар. Astana Hub қатысушылары 30 мыңнан астам жұмыс орнын ашып, экономикаға 900 млн доллардан астам инвестиция тартқан.

Ұқсас материалдар