Үкімет отырысында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыттарын салу мәселесі талқыланды.
Қазіргі уақытта экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарауында жалпы сомасы 307 млрд теңге болатын 65 жоба бар.
Ұсынылған кәсіпорындардың ішінде 41 қоқысты қайта өңдеуге бағытталған зауыт салынады. Олардың жалпы өңдеу қуаты жылына 1,1 млн тонна болады. Тізімдегі жобалардың барлығын іске асыру 4,5 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және 54,6 млрд теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік береді.