Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Еліміздің үздік педагогі 4 миллион теңге сыйақы алады

Еліміздің үздік педагогі 4 миллион теңге сыйақы алады

2025 жылы Қазақстанда дәстүрлі түрде өтетін «Үздік педагог» республикалық байқауының республикалық кезеңі басталды.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Байқаудың мақсаты – білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосып, кәсіби біліктілігімен, ерекше шеберлігімен көзге түскен педагогтерді анықтау және ынталандыру.

Биылғы байқауға 1468 педагог аудандық кезеңге қатысып, оның ішінен 793 маман облыстық деңгейге өтті. Нәтижесінде 174 үздік педагог финалдық кезеңге жолдама алды. Қатысушылар қатарында мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері бар.

Республикалық кезең 25 қыркүйекте бастау алды. Республика күні қарсаңында, яғни қазан айында жеңімпаздардың есімі жарияланады. Байқау жеңімпаздарына «Үздік педагог» атағы және 1000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) тең (шамамен 4 миллион теңге) сыйақы табысталады.

Айта кетейік, бұл байқау 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазіргі таңда елімізде 700-ден астам педагог осы атақтың иегері атанған.

Ұқсас материалдар