Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Елімізге келген туристерге тегін SIM-карта беріле ме?

Елімізге келген туристерге тегін SIM-карта беріле ме?

 Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты.

Осылайша шетелдік туристер алғашқы сәттен бастап интернет пен байланысқа қол жеткізе алады. 

«Тағы бір ұсыныс – туристерге келген бойда тегін SIM-карта беру. Бұл оларға алғашқы сәттен бастап интернет пен байланысқа қол жеткізуге көмектеседі. Заңсыз такси қызметтері кең таралған проблема. Олжас Абайұлы, сіздің тапсырмаңыз бойынша халықаралық әуежайларда QR жүйесі енгізілді. Онда сенімді такси, қонақ үйлер, туристік нысандар туралы ақпарат көрсетіледі», – деді Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында.

Ұқсас материалдар