
Фото: 7kun.kz
Елнұр Ахметов «Іле Алатауы» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы «Табиғат» аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің Республикалық Қауымдастығы хабарлады.
«Табиғат» қауымдастығы атынан Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне бас директор болып тағайындалуымен Елнұр Ахметовты құттықтаймыз», делінген қауымдастықтың әлеуметітк желідегі парақшасында.
Елнұр Мұхамеджанұлы 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Орман инженерлік ісі» мамандығы бойынша тәмәмдап, кейін ауылшаруашылық магистрі академиялық дәрежесін алды.
2019 ж. «Silkway» Халықаралық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторы болып бастап, кейін Ақсай орманшылығының орманшы көмекшісі, орман дамыту инженері қызметтерін атқарды.
2009-2010 ж. аралығында «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Ақсай» филиалы директорының орынбасары, «Талғар» филиалы директоры;
2013 ж. «Көлсай көлдері», «Шарын» ұлттық парктері директорының орынбасары;
2013-2023 жылдар аралығында «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директоры қызметін атқарды.
2023 жылдан бүгінге дейін «Көлсай көлдері» МҰТП директоры болды.
Айта кетейік, бұған дейін Іле – Алатауы ұлттық паркінің бас директоры қызметін Айбек Қонақбаев атқарып келген еді.
«Көлсай көлдері» МҰТП де жаңа директор тағайындалған. Алайда бұл туралы Ұлттық парк ақпарат жарияламады.