Астана қаласының мәслихаты қала шетіндегі кейбір аумақтарда жер телімдерін беруге және көпқабатты тұрғын үйлер салуға уақытша тыйым енгізуді ұсынып отыр.
Бұл бастама қазір «Ашық нормативтік құжаттар» порталында жарияланып, 2026 жылғы 9 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Жобаға сәйкес, бас жоспармен қамтылмаған, сондай-ақ магистральді инженерлік желілер мен әлеуметтік инфрақұрылымы жоқ аумақтардан жер беру 2035 жылға дейін шектелуі мүмкін. Сонымен бірге, бірқатар бағыттарда тұрғын үй құрылысына да уақытша тыйым салу қарастырылған.
Атап айтқанда, шектеу К-1 айналма жолының солтүстік және солтүстік-шығыс бөліктерінде, Өндіріс тасжолы мен Алаш тасжолы бойында, сондай-ақ айналма жолдың шығыс бөлігіндегі Астана – Қарағанды тасжолы маңында енгізілуі ықтимал.
Құжат жобасы талқылау нәтижесіне қарай қабылдануы мүмкін.





