Оның айтуынша, бұрын жұмысқа орналасу процесінде әңгімелесу үшін жұмыс берушіге міндетті түрде жеке бару, қағаз құжаттардың толық пакетін ұсыну және қағаз түрінде еңбек шартына қол қою талап етілетін.
– Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция арқылы қажетті құжаттардың 90%-дан астамы автоматты электронды түрде қалыптастырылады және тартылады. Еңбек шарты электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы қашықтан жасалады, жеке бару қажеттілігін болдырмайды, – деп түсіндірді Қаныш Төлеушин бүгінгі Үкімет отырысында.
Бұл жаңалық 9,5 миллионнан астам еңбекке қабілетті адамды қамтиды және қызмет көрсетуге кететін уақытты 3 күннен 5 минутқа дейін қысқартты.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





