Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Енді көлікті «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады

Енді көлікті «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады

2025 жылдың 2 қыркүйегінен бастап қазақстандықтар көлік сату және сатып алу шартын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы онлайн рәсімдей алады.

Бұған дейін азаматтар бұл үшін мамандандырылған ХҚКО-ға барып, QR-код арқылы қол қоюға мәжбүр болған. Енді жаңа «Автокөлікті сатып алу-сату шарты» сервисі арқылы мәмілені алдын ала жасауға мүмкіндік берілді. Құжатқа сатушы да, сатып алушы да электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қояды.

Рәсімделген шарт деректері жүйеде сақталып, қажет болған жағдайда тексеріледі. Сонымен қатар, құжаттың заңды күші сақталады және жеке мәліметтердің құпиялығы қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция арқылы енгізілген деректер автоматты түрде тексеріледі.

Бір шартты рәсімдеудің құны – 1 500 теңге. Қызметті пайдалану үшін азаматтар «ЦОН» мобильді қосымшасын App Store немесе Google Play арқылы жүктеп, ЖСН мен телефон нөмірі арқылы авторизациядан өтуі тиіс.

Мемлекеттік органдардың мәліметінше, бұл жаңашылдық азаматтарға уақыт үнемдеуге және қызмет алу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар