
Германияның E.ON SE энергетикалық концерні 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында таза пайдасын өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе азайтып, 969 млн еуроға дейін түсірді.
2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында бұл көрсеткіш 2,35 млрд еуро болған. Сонымен қатар, бір реттік факторларды есептемегендегі пайда 1,75 млрд еуродан 1,93 млрд еуроға өсті.
Негізгі көрсеткіштер:
-
Скорректирленген EBITDA – 5,52 млрд еуро (+13%).
-
Түсім – 41,55 млрд еуро (+5%).
-
Материалдық шығындар – 31,49 млрд еуро (өткен жылы – 27 млрд еуро).
Компания 2025 жылға арналған болжамын өзгертпей, скорректирленген таза пайданы 2,85-3,05 млрд еуро, ал скорректирленген EBITDA-ны 9,6-9,8 млрд еуро деңгейінде күтетінін растады.