Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«eQyzmet» жүйесінде мемлекетттік қызметшілердің цифрлық рейтингі енгізіледі

«eQyzmet» жүйесінде мемлекетттік қызметшілердің цифрлық рейтингі енгізіледі

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мәлім етті.

– Қазіргі заманғы басым бағыттардың біріне тоқталсақ, жасанды интеллект қоғам өмірінің барлық саласына қарқынмен ене бастады. Жасанды интеллектінің әлеуетін адам ресурстарын басқаруда, мемлекеттік қызметке іріктеу мен өткеруде тиімді пайдалана білу қажеттігі туындап отыр. Осы орайда «eQyzmet» жүйесінде кадрлық процестерін цифрландыру жұмыстары атқарылып жатыр. Президент Әкімшілігінің бастамасымен мемлекеттік қызмет жүйесіндегі басқарушы лауазымдарды іріктеуге, мүдделер қақтығысына жол бермеуге, міндеттерді бөлуге және басқа да кадр процестеріне қатысты ақпараттық жүйеге бірқатар өзгеріс енгізілді. Жекелеген басшылық лауазымға ең лайық кандидаттарды анықтау мақсатында «eQyzmet» жүйесінде цифрлық рейтинг модулі іске қосылды, – деді Д. Жазықбай Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Бұл модуль электронды жеке істердің деректері негізінде саяси және "А" корпусы лауазымдарына жоғары біліктілігі мен тәжірибесі бар әлеуетті үміткерлердің тізбесін жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, тәжірибесі мен біліктілігі, сондай-ақ әлеуеті жоғары мамандардың тізбесі рейтинг түрінде қалыптасады.

– Қазіргі таңда орталық мемлекеттік органдарға қарасты ұйым басшыларының жеке істерін «eQyzmet» жүйесінде қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл басқарушылық лауазымдарға мемлекеттік қызметшілермен қатар, өзге де квазимемлекеттік және жеке сектордың кәсіби мамандарын тартуға мүміндік береді. Қолданыстағы заңнамамен бекітілген шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету үшін Агенттік аталған модульдің негізінде қажет аналитикалық және ақпараттық деректерді жинақтайды, – деді агенттік басшысы.

Д. Жазықбай Мемлекет басшысының мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің кадр қызметін автоматтандыруды қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын орындау аясында Бірыңғай кадр жүйесіне 8 мемлекеттік органның 19 ведомстволық ұйымы енгізілгенін атап өтті.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған жүйеге 37 мемлекеттік органның 2400-ге жуық ведомствоға қарасты ұйымдарын қосу бойынша жұмыс атқарылып келеді, онда 500 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Ұқсас материалдар