Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ерболат Досаев Париждегі Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті

Ерболат Досаев Париждегі Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Париждегі Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті. Ол спортшылар мен бапкерлерді жетістіктерімен құттықтап, алматылықтар Қазақстан қоржынына көп медаль салғанын атап өтті.

Күміс жүлдегер гимнаст Нариман Құрбанов пен қола жүлдегерлер: дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев, боксшы Назым Қызайбай, оқ атудан сайысқа түскен мергендер Александра Ле және Ислам Сәтбаевқа пәтер сертификаттары және ақшалай сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, барлық жүлдегер 5 және 4 миллион теңгенің сертификаты мен жаңа автокөліктердің кілтін алды.
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Олимпиадада елдің намысын қорғаған барлық алматылық спортшы мен бапкерлер құрамы да ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың спортшылары әлемдік спорттың дамуына үлес қосып, сүйікті ісі мен еліне деген сүйіспеншіліктің үлгісіне айналғанын айтты. Спортшылар Қазақстан халқына қолдағаны үшін алғыс білдіріп, оның жарыс кезінде жеңіске жетелегенін атады.

Жалпы Қазақстан Париж Олимпиадасында 7 медаль алды. Оның ішінде алматылық спортшылар 1 күміс және 3 қола жүлде, жалпы жиыны 4 медаль жеңіп алды.

Ұқсас материалдар