Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ердоған ислам әлемі елдеріне ортақ үндеу жасады

Ердоған ислам әлемі елдеріне ортақ үндеу жасады

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Израильдің әрекеттеріне қарсы ислам әлеміне үндеу тастап, оны халықаралық деңгейде оқшаулау қажеттігін мәлімдеді.

Ердоған мұны Египет астанасы Каирде өткен D-8 (исламдық сегіздік) саммиті аясында ұйымдастырылған Ливан мен Палестина арнайы сессиясында айтты.

Түркия басшысы ислам елдерін Израильдің заңсыз әрекеттеріне қарсы жасалуы мүмкін қадамдарды бастауға шақырды.

«Осы шабуылдар нәтижесінде 50 мың бауырларымыз, көбісі әйелдер мен балалар, қаза тауып, 100 мыңнан астам палестиналық жарақат алды. Біздің әл-Құдс әл-Шарифте орналасқан алғашқы құбыла әл-Ақса мешіті иудаландыру саясатының нәтижесінде жойылуда», – деді Ердоған.

Ол D-8 елдерін «Сирия мен аймақтың тұрақтылығына қауіп төндіретін заңсыз әрекеттерге» неғұрлым батыл жауап беруге шақырды.

«7 қазаннан бері ислам елдері геноцидті тоқтатуға тырысуда, бірақ Израиль әкімшілігі Американың ашық қолдауына және көптеген батыс елдерінің жанама қолдауына сүйене отырып, шабуылдарын тоқтатар емес», – деп қосты Ердоған.

Оның айтуынша, Израиль Газа мен Ливанды ғана емес, Сирияны да нысанаға алды. Сондықтан Түркия басшысы Израильге қару-жарақ жеткізуге эмбарго енгізу, онымен сауда-саттықты тоқтату және Израильді халықаралық аренада оқшаулау қажет деп санайды.

 

Ұқсас материалдар