Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ерлан Қарин: Бұл референдум Қазақстанның болашағын айқындайды

Ерлан Қарин: Бұл референдум Қазақстанның болашағын айқындайды
Шын мәнінде, бұл референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Бүгін азаматтар қандай қоғам құратынымызды, еліміздің қандай құндылықтар мен қағидаттар негізінде дамитыны туралы шешім қабылдауда. Ұлттық академиялық кітапханадағы №129 учаскеде дауыс берген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин осындай пікір білдірді. 

«189 күн ішінде талқылауларға мыңдаған азаматтар, сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысты. Осы кезең бойы біз қоғамдық белсенділікті және азаматтардың кеңінен атсалысқанын көрдік. Шын мәнінде, бұл референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Бүгін азаматтар қандай қоғам құратынымызды, еліміздің қандай құндылықтар мен қағидаттар негізінде дамитыны туралы шешім қабылдауда»,  деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ, Мемлекеттік кеңесші соңғы жылдары Қазақстан мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты паш етіп отырғанын атап өтті.

«Барлық маңызды әрі шешуші шешімдер референдум арқылы, яғни барша азаматтың пікірін ескере отырып қабылдануы тиіс деген Президенттік ұстаным саяси өміріміздің қалыпты нормасына, орныққан тәжірибесіне айналды. Соңғы жылдары Қазақстан мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог пен бірлескен шешімдер қабылдаудың үлгісін көрсетіп келеді. Еліміз саяси өмірдің жоғары серпіні мен прогреске деген ұмтылысын паш етуде», деді Ерлан Қарин.




Ұқсас материалдар