Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Еуразиялық даму қорының штаб-пәтері Астанада ашылады

Еуразиялық даму қорының штаб-пәтері Астанада ашылады

Сенаттың жалпы отырысында «2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.

Бұл хаттама Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын (ЕТДҚ) Еуразиялық даму банкінен бөлу қажеттілігіне байланысты жасалды.

Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры 2009 жылы мүше-мемлекеттердің экономикалық және қаржы тұрақтылығын ілгерілетуге бағытталған аймақтық қаржы тетігі ретінде құрылды. Оған Қазақстаннан басқа Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей кірді.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің мәліметінше, заңның міндеттері:

 ЕТДҚ-ны халықаралық құқықтың жеке субъектісіне айналдыру;

Астана қаласында штаб-пәтердің ашылуы;

жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру үшін ЕТДҚ құрылтайшы мемлекеттерінің ұлттық валюталарын пайдалану; 

ЕТДҚ қызметкерлерінің сараптамалық әлеуеті есебінен техникалық көмек көрсету, сондай-ақ сыртқы өңірлік немесе жаһандық сараптаманы тарту; 

ЕТДҚ-ға мүше елдер үшін неғұрлым заманауи модельдік аппараттарды қолдана отырып, жүйелі макроэкономикалық мониторинг және ЕТДҚ-ға қатысушы мемлекеттердегі макроэкономикалық ахуал мен перспективаларға бағалау жүргізу.

Штаб-пәтер қор қаражаты есебінен қаржыландырылады. Қазақстанның мемлекеттік бюджетінен қосымша қаржы бөлінбейді. Осы штаб-пәтерде негізінен Қазақстан азаматтары қызмет етеді.

«Қазақстанның ЕТДҚ-ның негізгі доноры ретінде қатысуы елдің оң имиджін нығайтуға жәрдемдеседі, қатысушы мемлекеттермен неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнатуға, Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында техникалық жәрдем алуға мүмкіндік береді. Хаттаманы іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді», – делінген Сенат комитетінің ақпаратында.

Ұқсас материалдар