Еуропалық Одақ Ресейдің Украинаға қарсы әскери агрессиясына байланысты 15-ші санкциялар пакетін мақұлдады, деп хабарлайды ЕО Кеңесінің ресми сайты.
«Ресей Украина мен оның халқына қарсы қатыгез шабуылын жалғастырып жатыр. Бұл санкциялар пакеті – Ресейдің әскери күшін әлсірету және осы соғысқа ықпал ететіндерді, соның ішінде Қытай компанияларын, тоқтату шарасы», – деді ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі өкілі Кая Каллас.
Жаңа санкциялар тізіміне 54 жеке тұлға мен 30 компания кірді. Санкцияларға іліккендер арасында Ресей, Қытай, Үндістан, Иран, Сербия, БАӘ және Солтүстік Корея өкілдері бар. ЕО аталған компанияларға «сауда шектеулерін айналып өтуге немесе Ресейге сезімтал тауарларды жеткізуге» көмектескені үшін экспорттық шектеулер енгізді.
Айта кетерлігі, ЕО алғаш рет Қытай компанияларына да санкция салды. Бұл санкциялар компаниялардың Ресейге дрон компоненттері мен микроэлектроника жеткізуіне байланысты енгізілді. Санкциялар аясында Қытай компанияларына саяхат жасауға тыйым салынып, экономикалық ресурстарды пайдалану құқығы шектелді, сондай-ақ олардың активтері бұғатталды.
Сонымен қатар, санкциялар Солтүстік Кореяның екі шенеунігіне де әсер етті. Олар Ресейге қару-жарақ пен оқ-дәрілер жеткізу ісінде маңызды рөл атқарған деп айыпталып отыр.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Алаш қозғалысы тарихына қатысты архив материалдары жинақ болып шықты
- 15 желтоқсан, 2024
Биыл 1,3 трлн теңгенің 180 инвестициялық жобасын енгізу жоспарланған
- 12 желтоқсан, 2024