Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Еуропада мұнай бағасы өсті: Қазақстаннан жеткізілім азайды

Еуропада мұнай бағасы өсті: Қазақстаннан жеткізілім азайды

Еуропада мұнай бағасы Қазақстаннан жеткізілімдердің қысқаруына байланысты қымбаттады, деп хабарлайды Bloomberg.

Агенттіктің мәліметінше, бағаның өсуіне қазақстандық CPC Blend маркалы мұнай экспортының төмендеуі тікелей әсер еткен. Сонымен қатар Ливиядан және Солтүстік теңіздегі бірқатар кен орындарынан жеткізілімдердің үзілуі нарыққа қосымша қысым түсірді.

Қазақстан мұнайын Қара теңіздегі негізгі экспорттық порттардың бірі арқылы жөнелту бірнеше себепке байланысты азайған. Атап айтқанда, қолайсыз ауа райы, жоспарлы жөндеу жұмыстары және дрон шабуылдары салдарынан инфрақұрылымның зақымдануы тасымалдауға кедергі келтірген.

Сарапшылардың айтуынша, осы факторлардың жиынтығы Еуропа нарығында ұсыныстың қысқаруына алып келіп, мұнай бағасының өсуіне себеп болып отыр.

Ұқсас материалдар