Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Еуропаға виза режимін жеңілдету: Астанада келіссөз өтеді

Еуропаға виза режимін жеңілдету:  Астанада келіссөз өтеді

Қазақстан мен Еуропа одағы виза режимін жеңілдетуге қатысты келіссөздерді жалғастырады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан 39 елмен визасыз режим орнатқан және халықаралық іскерлік пен көші-қон байланыстарын кеңейту бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.

2025 жылғы желтоқсанда Брюссельде Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы визаларды беру тәртібін жеңілдету және реадмиссия туралы келісімдердің бірінші раунды өтті. Келіссөз барысында тараптар жобаларға қатысты пікір алмасып, негізгі тәсілдер мен басымдықтарды анықтаған.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, келесі консультациялар жақын арада Астана қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Ұқсас материалдар