
Exxon Mobil әлем бойынша шамамен 2 000 қызметкерін қысқартатынын мәлімдеді.
Бұл жалпы жұмыс күшінің 3-4 пайызын құрайды. Қысқарту шаралары компанияның ұзақмерзімді қайта құрылымдау жоспары аясында жүзеге асуда.
Компания өкілдерінің айтуынша, бұл қадам операциялық тиімділікті арттыру, сондай-ақ жұмыс процестерін орталықтандыру және жаһандық деңгейде оңтайландыру мақсатында қолға алынған.
2024 жылы Exxon Mobil Pioneer Natural Resources компаниясын 60 млрд доллар көлеміндегі келісіммен сатып алған болатын. Осыдан кейін компания өз қызметін қайта қарап, сол жылы қараша айында Техаста 400 жұмыс орнын қысқартқан еді.
Exxon Mobil-дің Канадалық еншілес компаниясы Imperial Oil да ұқсас қайта құрылымдаудан өтуде. Аталған компания Қалғаридегі кеңсесін жаппақ және қызметкерлерінің 20 пайызын қысқартуды жоспарлап отыр.
Қысқартулар мұнай бағасының төмендеуі, инвестициялық белсенділіктің бәсеңдеуі және саладағы консолидация аясында жүріп жатыр. Exxon Mobil-ден бөлек, басқа ірі мұнай-газ компаниялары да ұқсас шаралар қабылдауда:
-
Chevron – персоналының 20 пайызына дейін қысқартуды көздеп отыр;
-
BP – 5 пайыздан астам қызметкерін босатпақ;
-
ConocoPhillips – 20-25 пайыз аралығында қысқартуға барады.