
Ақсу ферроқорытпа зауыты экология талаптарын бұзған, деп хабарлайды Павлодар облысының прокуратурасы.
Зауыт 1990 жылдан бері Ақсу қаласын жылумен қамтамасыз етіп келеді. Бұрын ол бұл үшін заңды түрде рұқсат алып, эмиссиялар үшін төлем жасап отырған.
2021 жылы зауыт 10 жылға салық жеңілдігін алды. Бірақ бұл үшін шығарындыларды азайтатын жаңа технологияларды енгізуге міндеттелді. Алайда 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында зауыт қазандығы шамамен 700 тонна артық қалдық шығарған.
Осыған байланысты прокуратура әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Бастапқыда айыппұл сомасы 1,2 млрд теңге болған. Алайда зауыт кінәсін мойындағаны және әлеуметтік белсенділігі ескеріліп, айыппұл 30%-ға қысқартылды.
Нәтижесінде зауыт 855 млн теңге төлеп, бұл қаражат республикалық бюджетке түсті.
Ақсу ферроқорытпа зауыты жыл сайын 1 млн тоннадан астам өнім шығарады. Оның басым бөлігі шетелге экспортталады.