Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Фишинг және жалған сайттар: интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек

Фишинг және жалған сайттар: интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет алаяқтардың құрбаны болмаудың тетігін айтты. 

Фишинг – онлайн-алаяқтықтың ең көп таралған түрлерінің бірі. Оның мақсаты – сіздің жеке деректеріңізді алу: логиндер, құпия сөздер, банк карталарының деректемелері. Алаяқтар банктердің, интернет-дүкендердің және басқа да танымал сервистердің ресми ресурстарын толығымен көшіретін жалған сайттар жасайды. Оларға сілтемелер электрондық пошта, мессенджерлер, әлеуметтік желілер арқылы таратылады.

Неге назар аудару қажет:

Сайттың мекенжайы. Алаяқтар ұқсас домендерді пайдаланады: мысалы, атауында артық әріп немесе сан болуы мүмкін. Мекенжайдың https://-ден басталғанын тексеріңіз – бұл қауіпсіз қосылудың белгісі.  

Ресімдеу. Қарабайыр дизайн, мәтіндегі қателіктер,

жұмыс істемейтін сілтемелер мен бөлімдер – бұл да белгілердің бірі.

Деректерді сұрату. Егер сайт ЖСН, карта нөмірін, CVV-кодты немесе СМС-парольді енгізуді сұратса, бұл фишинг болуы мүмкін. Банктер мұндай ақпаратты сайттар арқылы сұратпайды.

Қалай қорғануға болады:

деректерді енгізбес бұрын сайттың мекенжайын мұқият тексеріңіз;

фишингке қарсы функциясы бар антивирусты орнатыңыз;

ешқашан күдікті хаттардың және хабарламалардың сілтемелеріне өтпеңіз;

бейтаныс немесе күмәнді сайттарда жеке деректерді енгізбеңіз;

сомасы шектеулі онлайн-сатып алу үшін жеке виртуалды картаны пайдаланыңыз.

Егер сіз фишингтің құрбаны болсаңыз – дереу банкке және құқық қорғау органдарына хабарласыңыз, картаны бұғаттаңыз және құпия сөздерді өзгертіңіз.

Ұқсас материалдар