Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Fly Arystan» билет құнын белгілеуде кемшілік жіберген – Агенттік

«Fly Arystan» билет құнын белгілеуде кемшілік жіберген – Агенттік
Монополияға қарсы орган «Fly Arystan» әуе тасымалдаушысы тарапынан үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады.

Талдау барысында авиабилеттердің құны брондаудың әртүрлі кезеңдерінде автоматты түрде қосылатын жасырын қосымша ақылар есебінен өскені анықталды.

«Авиатасымалдаушы әуе билеттерін сату кезінде транзакция үшін комиссия алу арқылы әуе билетінің құнын арттырған. Бұл «drip pricing» деп аталады, демек, «тамшылап баға өсірген». Негізінен еуропалық заңнамада бұған мүлдем тыйым салынған. Осы  фактілерді біз анықтап, авиатасымалдаушыға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы хабарлама жолдадық. Ол кейіннен орындалды», – деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы Марат Омаров БҚДА алқа отырысында.

Қазіргі уақытта Агенттік ішкі авиатасымалдар нарығына қатысты монополияға қарсы талдау жүргізілуде.

Ұқсас материалдар