Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ford 112 мыңнан астам көлікті кері қайтарды

Ford 112 мыңнан астам көлікті кері қайтарды

Америкалық Ford компаниясы қауіпсіздік белдігінен ақау шыққан 112 600 көлікті қайтарып жатыр.

 Бұл туралы Reuters АҚШ Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасына (NHTSA) сілтеме жасап хабарлады.

NHTSA-ға қауіпсіздік белдігін бекіту құрылғысының абайсызда өздігінен жұмыс істеп кетуі туралы шағымдар келіп түскен. Қатты дыбыс шығарғаннан кейін белдік тез тартылып қала берген.

Кері қайтарылған көліктер арасында 2019-2020 жылдары шығарылған Ford Expedition және Lincoln Navigator үлгілері бар.

NHTSA мәліметтері бойынша, тарту күшінің жоғалуы мен электр жүйесінің істен шығуына байланысты 456 000-нан астам Ford көліктеріне қатысты тергеу басталған. Тергеу барысында 2021-2024 жылдары шығарылған Ford Bronco Sport кроссоверлері мен Maverick пикаптары зерттеледі. 

Ұқсас материалдар