Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

G7 саммиті: Зеленский қолдау таба алмады

G7 саммиті: Зеленский қолдау таба алмады

АҚШ-тың The Wall Street Journal (WSJ) басылымының мәліметінше, Украина президенті Владимир Зеленский Канадада өткен G7 саммитін күтпеген жерден кетіп қалды.

Ол Украинаға жыл сайынғы $40 млрд көлемінде қаржылық және саяси қолдау алуға үміттенгенімен, бұл мақсатқа қол жеткізе алмаған, деп хабарлайды Коммерсантъ.

Басылым атап өткендей, саммит аясында Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуі жоспарланған болатын. Алайда Трамп саммиттен бұрын кетіп қалған.

18 маусымға қараған түні бірқатар украиналық БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Зеленскийдің Канададағы сапар бағдарламасын қысқартқанын және сол сәтте елге қайтып бара жатқанын хабарлады. Аталған ақпаратқа қатысты Киев ресми түсініктеме берген жоқ.

Ұқсас материалдар