Ол бұрынғы бизнес серіктесі Абай Жүнісовті бопсалау, озбырлық және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы bes.media хабарлады.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалдының бұрығы әйелі Гүлмира Сатыбалды мен оның жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты сот маусым айында басталған еді.
Соттың шешімі бойынша Гүлмира Сатыбалды ҚР ҚК-нің 126, 194, 389 баптары бойынша, 12 жылға, Батыршаев 126 баптары («Бас бостандығынан заңсыз айыру», «Бопсалау» және «Өзінше билік ету») бойынша 9 жылға сотталды.
Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі 2022 жылдың 16 наурызында қамауға алынған еді. 2023 жылдың маусым айында бюджет қаражатын талан-таржыға салғаны үшін 8 жылға, 2023 жылдың мамыр айында рейдерлік басып алу бойынша 7 жылға сотталған еді.