Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Әлеуметтік осал топтарға тұрғын үй алу үшін 1,5 млрд теңге бөлінеді

Әлеуметтік осал топтарға тұрғын үй алу үшін 1,5 млрд теңге бөлінеді

 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған тұрғын үй көмегіне жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин.

«2024 жылы жергілікті атқарушы органдар 17,5 мың отбасына немесе 41,2 мың адамға жалпы алғанда 592 миллион теңге болатын тұрғын үй көмегін көрсетті. Биылғы жылы жергілікті бюджеттерден тұрғын үй көмегін төлеуге 41,9 мың теңге қарастырылды», – деді Анафин үкіметтегі брифингте. 

Оның айтуынша, тұрғын үй көмегі коммуналдық төлемдер мен тұрғын үйді ұстауға жұмсалған шығындары осы мақсаттарға жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстардың рұқсат етілген шекті үлесінен асатын азаматтарға көрсетіледі. Максималды рұқсат етілген үлес 10% аспайды.

«Көмектің бұл түрі әлеуметтік жағдайына қарамастан, бір тұрғын үй болған жағдайда жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін алу үшін электронды үкімет порталы (egov.kz) арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуге болады», – деп түсіндірді Анафин.

Сонымен қатар, жекелеген санаттағы азаматтарға коммуналдық қызмет ақысын төлеу және жергілікті бюджеттен отын сатып алу үшін біржолғы және ай сайынғы әлеуметтік төлемдер қарастырылған.

«Алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін және оған жүгіну мерзімдерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді және жергілікті органдардың шешімдерімен бекітіледі. Бұл төлемдер барлық аймақтарда қарастырылмаған және жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне байланысты», – деді Еңбек министрлігінің өкілі. 

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 2024 жылы бұл мақсаттарға 181,2 мың алушыға 5,3 млрд теңге бөлінді. 2025 жылы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек ретінде 193,7 мың алушыға 2,6 млрд теңге қарастырылған. 

Белгіленген критерийлер орындалған жағдайда азамат тұрғын үй көмегі мен әлеуметтік төлемдерді біріктіріп ала алады.

Ұқсас материалдар