Бүгін БАҚ Іле ауданының әкімі Бағдат Қараев ұсталды, деген ақпарат таратып, Антикор растады.
БАҚ хабарлауынша оған Қылмыстық кодекстің «Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану» (ҚР ҚК 361-бабының 4,361-бөлігі 3-тармағы) және «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» (3-т., 4362-бап) баптары бойынша айып тағылуда.
Алайда аудан әкімінің ұсталуының мән-жайы айтылмады. Бейресми деректерге сүйенсек, Бағдат Қарасаев Боралдай ауылы, Жайнақ ықшам ауданындағы мектеп құрылысына қатысты іс бойынша ұсталуы мүмкін. 2016 жылы қолданысқа берілген мектеп 2024 жылы ақпан айындағы жер дүмпулерінің салдарынан ірге тасы жарылып, керегелері айырылып, оқу ғимараты жарамсыз болып қалған.
«Салынғанына бірнеше жыл ғана болған 40 мектеп қазіргі кезде апаттық жағдайда. Алдағы уақытта сүрілуі мүмкін. Оқушылар онлайн оқуда. Кеше ата-аналар наразылық танытып, көшеге шықты. Қарасаев сол мектепті қабылдап алғаны үшін, қамауға алынуы мүмкін», дейді аудандағы жағдаймен таныс адамдар.
Редакция бұл пікірдің ресми еместігін ескертеді және аталған іс бойынша тиісті органдарға сауалхат жолдады. Ресми ақпаратты қосымша жариялаймыз.