Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Илон Маск Grok 2 чат-ботының кодын ашық етеді

Илон Маск Grok 2 чат-ботының кодын ашық етеді

Жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін xAI компаниясының негізін қалаушы Илон Маск Grok 2 чат-ботының бастапқы кодын ашатынын хабарлады.

Grok 2 кодын ашық етуге уақыт келді. Бұл келесі аптада жүзеге асады, – деп жазды Маск өзінің Х (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасында.

Айта кетсек, Илон Маск 2023 жылдың сәуірінде xAI стартапын құрған болатын. Компания жасанды интеллектке арналған жүйелерді әзірлеумен айналысады. Бірнеше айдан соң xAI өзінің алғашқы өнімі – жасанды интеллектке негізделген Grok чат-ботын таныстырды.

Ал биыл наурыз айында Маск xAI стартапының өзі иелік ететін Х әлеуметтік желісін сатып алғанын мәлімдеген еді.

Ұқсас материалдар